Хабар телеарнасы

Күдікке ілінгендерге 3 ай уақыт беріледі

Тәуелсіз сарапшылар мемлекет қаржысын заңсыз иемденді деген күдікке ілінгендерге табысының заңды екенін дәлелдеуге тура 3 ай уақыт беріледі. Егер нақты дәйек келтіре алмаса, мүлкі сот арқылы өндіріліп алынады. Арнайы комиссияға тіпті осыдан 10-15 жыл бұрын жасалған ірі жобалардың құжаттарын тексеруге рұқсат берілген. 

Нұржан Биякаев, Қаржы мәселелері бойынша тәуелсіз сарапшы:
-Мына жайтқа назар аударғым келеді. Заң қабылданбай тұрып мемлекет меншігіне 700 млрд теңге актив қайтарылды. Құжат енді жұмыс істейді. Заңсыз иемделген активтерді анықтаудың құралдары бізде жеткілікті. Күмәнді деп танылған тұлғалардың мүлкін бағалайтын мемлекеттік мекемелер қажет десеңіз ондай қызмет көрсететін жекеменшік компанияларда бар. Енді тек осы істі сапалы атқару керек.