Хабар телеарнасы

Ардагерлерге құрмет толастамайды

Айта кетейік, аталған гвардия 1941 жылы қазіргі Астана, бұрынғы Ақмола қаласында құрылып, солтүстік өңірдің азаматтарынан жасақталған болатын. Әскери құрамның жалауы Қазақстанның бас-аяғы 25 қаласын аралап, 7 мамыр күні Елордада өтетін салтанатты шеруде желбіремек. Ұйымдастырушылар: «мұндай шаралардың тағылымы мол»,- дейді. Айтуларынша,  бабалар қалай осы тудың астында ортақ Отанымызды қорғаған болса, бүгінгі жастар көк Туымызды көкте желбіретіп, тәуелсіз еліміздің айбынын асқақтатуға атсалысуы тиіс.

Әскен Нұрболатов, 55/10 әскери бөлімі штаб бастығының аға көмекшісі

-Біз мұны осы іс-шара арқылы өзімізден кейінгі ұрпақтарға және де Қазақстанның болашағын жасайтын ұрпақтарымызға үлкен әскери-патриоттық сезіммен тәрбиелеудің бір жолы деп санаймыз. Қан майданнан оралмай қалған ата-бабаларымызды еске алып, қазіргі жүрген біздің Ұлы Отан соғысының ардагерлерін қалай құрметтеу керек, сол жағынан өткізіліп жатқан шаралардың бірі деп есептейміз. Біз ардагерлерімізді құрметтеп өтуге сөз береміз.