Хабар телеарнасы

«Жеңіске дейін 100 күн» эстафетасы басталды

«Жеңіске дейін 100 күн» деп аталатын акция шеңберінде ассамблеялықтар бірнеше іс-шара өткізіп, ардагерлерге қуаныш сыйламақ. 

Жалпы Павлодар өңірінде сұрапыл ұрыстарда жан беріспей, соғыс отынан аман қалған көзі тірі 272 батыр қарияларымыз бар. Солардың барлығы дерлік ынтымағы мен бірлігі жарасқан Ассамблеяның мүшелері болып табылады. Қаңтардың соңғы жұмасында жиналған қаланың жиырмадан астам этнобірлестіктері мен әскерилер бұл кеште арда тұлғалардың келелі әңгімелерін тыңдап, өнерлерін паш етті. Ассамблея мүшелері: "Бұл – төрт айдай жалғасатын игі істердің бастауы", - дейді.  

Анатолий Гарусев, ҰОС ардагері

-Мен біздің Елбасы мен Үкіметтің жүргізіп отырған бейбіт саясатына дән ризамын. Беларусь орталығы мені әрдайым ұмытпай, мәдени шараларына шақырып тұрады.