Ұос Ардагерлері бойынша барлық жаңалықтар
Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында атыраулық майдангерлер мен тыл ардагерлеріне мерекелік медальдер табысталды. Салтанатты шарада Ұлы Жеңістің бүгінгі ұрпақ үшін маңызы айтылып, ән-жырдан шашу шашылды.
«Хабар» агенттігінің Жеңістің 70 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Жеңіске құрмет» шарасы барлық өңірлерде жалғасып жатыр. Бүгін Жамбыл облысындағы тілшілеріміз 92 жастағы Зинаида Вострикованы құттықтады.
Жеңістің 70 жылдық мерейтойы қарсаңында ШҚО ардагерлеріне 500 мың теңгеден бірмезеттік төлем жасалады. «Бұл туралы алдағы мерейтойды кең ауқымда атап өту жоспары талқыланған кеңесте ШҚО әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді», – деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.
«Елі ерлерін ұмытпайды!». Осындай атаумен Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына кітап дайындалуда.
Жеңістің 70 жылдығына орай «Біз – Жеңіс ұрпағымыз!» атты республикалық шара елімізде жалғасын табуда. Мақсат – соғыс ардагерлерінің ерлігін кейінгі ұрпаққа жеткізу.
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында «70 күн – 70 игі іс» деп аталатын марафонды бастады.
Павлодардың 55/12 әскери бөлімінде Жеңістің 70 жылдығына орай ардагерлерге сый-құрмет көрсетілді. Қан майданда қаймықпай соғысқан қайсар тұлғалар жас жауынгерлердің дайындығын байқап, өсиет-өнегелерін айтуды да ұмытпады.