Синоптиктер 26-27 шілде аралығындағы ауа райына болжам жасады. «Қазгидромет» РМК хабарлағандай, атмосфералық қысымның жоғарылауы әсерінен алдағы үш тәулікте Қазақстанның көптеген облыстарын жауын-шашынсыз ауа райы күтіп тұр, сондай-ақ ауа температурасы жоғарылай бермек.
Синоптиктер бірнеше облыста ескерту жариялады.
Республикамыздың оңтүстік бөлігінде жоғары қысым әсерінен аз бұлтты жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде.
«Тіпті, сынап бағанасы 40 градустан асып түседі», – дейді синоптиктер.
Алдағы мереке күндері еліміздің оңтүстік өңірлерінде аптап ыстық болады.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде найзағаймен бірге жаңбыр күтіледі, желдің күшеюі, бұршақ болуы мүмкін. Республиканың батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады.
5-7 шілде аралығында Қызылорда, 6-9 шілде аралығында Оңтүстік Қазақстан облыстарында 42-45 градусқа дейінгі қатты ыстық күтілуде.
Алдағы күндері еліміздің Батыс өңірінде ауа температурасы жоғарылайды.