Хабар телеарнасы

Елордада 25-26 қазанда «Voice of Nur-Sultan» халықаралық эстрадалық орындаушылар фестивалі өтеді

Әлемнің талантты жастары елордада бас қосады. Қазанның 25-26 аралығында «Voice of Nur-Sultan» байқауы өтеді. Қазір Болгария, Грузия, Португалия, Ресей сияқты 7 мемлекеттің жастары өтініш берген. Байқаудың алғашқы күнінде қатысушылар авторлық әндерін орындайды. Ал келесі күні шетелдік және отандық жастар қазақстандық әншілермен бірге өнер көрсетеді. Бұл байқау кешкі сағат 19:00-ден бастап «Хабар» арнасының тікелей эфирінде көрсетіледі.

Сәкен Шәкеев, «Қазақ әуендері» АҚ вице-президенті:

- Фестивальге енді шығып келе жатқан жас таланттар қатысады. Фестивальдің қатысушылары Қазақстанда ғана емес, шетелде де танымал жұлдыздармен бірге өз өнерлерін көрсетеді. Оның ішінде Мәдина Сәдуақасова, Асылбек Еңсепов, Лимбо деген хэдлайнерлер бар.