Хабар телеарнасы

Астанада «Ұлыстың ұлы күні» атты мерекелік концерт өтті

«Қазақстан» ОКЗ мен «Хабар» Агенттігінің ұйымдастыруымен, сондай-ақ ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Астанада «Ұлыстың ұлы күні» атты мерекелік концерт өтті. Елордада Наурыз мерекесін тойлау шаралары басталды. Жоба шеңберінде ұлттық салт-дәстүрлер мен ақындар айтысы, халық әуендері орындалып, театрландырылған көріністер көрермен назарына ұсынылуда.