Хабар телеарнасы

Түркістанда Төле би туралы тарихи фильм түсіріліп жатыр

10 сериялы туындыда ақылман бабамыздың пәни дариғаға шыр етіп келген сәтінен бастап, бала би атанып, билік құрған дәуірі толық қамтылады. Актерлер қауымы тұтастай жергілікті өнерпаздардан құралған.

Көркем фильмде 9 жасынан бастап билік айтып, әділдігімен көзге түскен бала-бидің әдемі сөзге емес, әділ сөзге тоқтай білетіні тамаша көрініс тапқан. Фильмде сол дәуірдегі халықтың өмір сүру салты мен тұтас қоғамның шынайы бет-бейнесі анық көрсетіледі.

Бүгінде түсірілім жұмыстары бел ортасынан асқан. Жыл соңына дейін монтаждалып бітеді. Ал көзі қарақты көрерменге келер жылы жол тартады.

Абзал Төленов, Төле бидің рөліндегі актер:

- Ол кісі алдымен елді ойлаған. Біз қазір сол заманды сезіне алмаймыз ғой. Өйткені ол кезде әлеуметтік жағдайдың өзі басқаша болған. Қазір жеңіл тұрғыда өмір сүргеннен кейін ол кездегі «Жеті жарғыдағы» жер дауы, жесір дауы, оның бәрін сезінудің өзі сәл қиындау.

Батырхан Дәуренбеков, фильм режиссері:

- Төле би туралы бұл фильмді түсірудегі мақсатымыз – Ордабасыны көтеру. Ордабасыда үш жүздің басы қосылып, жоңғарларға қарсы мықты соққы беген сол кездерді көрсетеміз. Фильм соңында «Сабалақ» болып жүрген Абылайдың жекпе-жегін көрсетпекшіміз және жоңғарларға берген соққысы, сол жердегі билердің халқына айтқан насихаты, барлығын көрсетеміз.