Хабар телеарнасы

ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты

Ыстықкөл жағасында ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ресми түрде ашылды. Биыл күллі әлем көз тіккен шараға 80-нен аса мемлекеттен 2 мыңнан астам спортшы қатысады. Осымен үшінші рет ұйымдастырылып жатқан дода – қырғыз жерінде қолға алынған ең ауқымды спорттық шаралардың бірі. Мәселен, алғаш рет бұл игі шараға 600-ге жуық адам қатысса, осыдан 2 жыл бұрын сайыскерлердің саны мыңнан асқан. Ал биыл олардың саны 2 мыңнан асып отыр.
Дүбірлі доданың ашылу салтанаты тарихи қойылыммен ерекшеленді.
Ойындардың басым бөлігі Кырчын шатқалында өтеді.