Хабар телеарнасы

Елбасы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай қазақстандықтарға арнап үндеу жолдады

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Елбасы қазақстандықтарға арнап үндеу жолдады. «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған мәтінде: «Біз ХХ ғасырда халқымыздың басынан өткен қасіретті оқи­ға­лардың түп-тамыры мен себептері неде екенін терең түсінуіміз керек», – делінген.

Саяси репрессия қазақ қоғамының элитасын жаппай қырғынға ұшыратты. Президент атап өткендей, 103 мың адам сотталып, оның 25 мыңы ату жазасына кесілді.

«Орасан шығынға ұшырағанына қара­мастан, біздің халқымыз өзінің бірегей ұлттық болмысы мен асыл қасиет­терін сақтап қалды. Бірақ еліміз басынан өткен осынау сұмдық сынақтарды ешқашан ұмытпайды және ең ұлы қазына – Тәуелсіздікті ба­ғалап, сақтай біледі», – дей келе, Мемлекет басшысы Қазақстандағы әлеу­меттік бірлік, елдің тұрақты экономикасы мен биік халық­ара­лық абырой-бе­де­лі халқымызды бас­тан кешкен зобалаңдардан сақ­тай білетін сенімді кепіл болып сана­латынын атап өтті.

«Өткен ғасырдың қасіретті кезең­дерін енді ешқашан қайталамау үшін біз бұл жетістіктерді бағалай білуге тиіспіз», – делінген Елбасының үндеуінде.