Хабар телеарнасы

ҰОС-да Одесса түбінде ерлікпен қаза тапқан қазақ сарбазының жатқан жері анықталды

Қазақстан мен Украинаның іздеу топтары ҰОС-да Одесса түбінде ерлікпен қаза тапқан қазақ сарбазы Байдолла Усовтың жатқан жерін анықтап, батыр бабасын талай жыл талмай іздеген Атырау азаматын бір қуантты. 90 жастағы Зейнолла қарттың ағасын іздегеніне көп жыл болған.

«Аманмын, жеңіл жарақат алдым», – деген хат соңғы рет 1942 жылы келіп, одан кейін еш хабар болмайды. Жауынгер 74 жыл бойы із-түзсіз кеткендер қатарында еді.

Үміт үзіле бергенде Зейнолла қарт Атыраудағы газеттен ағасының аты-жөнін көріп қалады. «Қазақ жауынгері Одесса облысы, Богословка селосында жерленген», – деп жазылған басылымда.

Байдолла Усов «Ерлігі үшін» медалімен 2 рет марапатталып, Украинадағы қан майданда ерлікпен қаза болғаны анықталды.