Хабар телеарнасы

Алматыда балуандар басшысын сайлады. Спорт жаңалықтары

Қалалық грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының есеп беру конференциясы өтіп, жаңа жетекшінің есімі белгілі болды. Жиын қорытындысы бойынша Омар Әлиевтің кандидатурасы қолдау тауып, қауымдастық тізгінін ұстады. Федерацияның жаңа басшысы балалар мен жастардың күресін дамытуға күш салатынын атап өтті.

Италияда бокстан Париж Олимпиадасына іріктеу турнирі басталды.

Кешенді сынның жолдамасы сарапқа салынған сайысты Қазақстан құрамасының спортшылары сәтті бастады. Кеше әйелдер арасында Римма Волосенко және жігіттерден Сәкен Бибосынов алғашқы кездесуін жеңіспен аяқтады. Бүгін Сабырхан Махмұд та қарсыласынан басым түсті.

Сәкен Бибосынов Париж Олимпиадасының жолдамасы сарапқа түскен жарысты сәтті бастады. Италияның Бусто-Арсицио қаласындағы турнирдің алғашқы айналымында жерлесіміз Каннет Чун Хим Танның осал тұсын тапты. Гонконг өкілі қазақ жігітінің соққысына төтеп бере алмады. Сәкен қарсыласын үш мәрте есеңгіретіп, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады. Енді Бибосынов кениялық боксшымен шаршы алаңға шығады. Жеңіл салмақта Олимпиада жолдамасы жартылай финалға дейін жеткен спортшыларға беріледі. Бүгін 57 келідегі Махмұд Сабырхан да алғашқы жекпе-жегін жеңіспен аяқтады. Олимпиадаға іріктеу турнирі 11 наурызға дейін жалғасады.