Хабар телеарнасы

Смирновқа құрмет: шаңғы тебуден бұқаралық жарыс ұйымдастырылды. Спорт жаңалықтары

30 жыл бұрын Қысқы Олимпиада ойындарында топ жарған саңлақ спортшы Владимир Смирнов туған жеріне келді. Жайден-жай емес,үлкен жоспарлары бар екен. Смирновтың құрметіне шаңғы тебуден бұқаралық жарыс ұйымдастырылды. 400-ден астам үміткер 2,5 шақырымға  жүгіріп, оза шапқандарды Олимпиада чемпионының өзі марапаттады.  Дәл 30 жыл бұрын Лиллехаммер олимпиадасының шыңына шыққан  жерлесіміздің  10 және 15 шақырымдық жарыста күміс жүлде иеленгені де жылнамада жазулы тұр. Даңқты спортшы бұл жетістігі үшін Президент Жарлығымен ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталған.  Олимпиада чемпионы өзі туған Щучье қаласында шаңғы спортын дамытуды көздеп отыр.