Хабар телеарнасы

Елена Рыбакина Әбу-Даби теннис турнирінің жартылай финалына жолдама алды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Әбу-Дабиде өтіп жатқан теннис турнирінің жартылай финалына жолдама алды. Ойын осыдан бірер минуттан бұрын ғана аяқталды. Жерлесіміз испаниялық Кристина Бучаны екі сетта жеңді. Есеп 6:1, 6:4. Енді Рыбакина өзінің экс-отандасы ресейлік Людмила Самсоновамен финалға берілер жолдаманы сарапқа салады.