Хабар телеарнасы

Хандчоу қаласында Пара Азия ойындары жалғасып жатыр

Волейболды отырып ойнаудан финалдық бәсеке өтті. Ақтық сынға Қазақстан және Иран командалары шыққан еді. Соңғы сында жерлестеріміз 3:0 есебімен есе жіберіп, күміс жүлде иеленді. Бауыржан Тахауов баптайтын жігіттер жарытай финалда алаң иесі Қытай командасын ұтты. Жалпы байрақты бәсекеның аяқталуына бірер күн қалды. Ендеше отандастарымыз бірнеше мәрте жеңіс тұғырына көтеріледі деген үміт бар. Ханджоудағы ойындарға 131 спортшымыз аттанды. Олар 14 бағытта жарыстарға қатысып жатыр. Бүгінге дейін қазақстандық қыз-жігіттер 38 медаль жеңіп алды. Оның 7-еуі жоғарыдағы айтқандай алтын. Соның арқасында жалпы есепте әзірге 10-шы орында тұрмыз.