Хабар телеарнасы

Азия ойындары: қоржынымызда 8 алтын бар

Қоржынымызда 8 алтын. Қытайдың Ханчжоу қаласында жылдың басты бәсекесі Азия ойындары жалғасып жатыр және ұлттық құрама спортшылары 3 рет көк туымызды көтеріп, Әнұранымызды шырқатты.

Атап айтқанда, велоспорттан командалық сында Евгений Федеров мәре сызығын бірінші болып кесті. Күміс жүлде де қазақстандық спортшының еншісінде. Оны Алексей Луценко жеңіп алды. Артынша каратэден ел намысын қорғаған Нұрқанат Әжіқанов та алтын жүлде жеңіп алды. Ол финалда Иордания өкілінен басым түсті. Жерлесіміз Нұржан Батырбековте джиу-джитсудан барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, Азия ойындарының чемпионы атанды.

Нұрқанат Әжіқанов, Азия ойындарының жеңімпазы: 
- Бүкіл қазақ еліне осы алтын медальді арнаймын. Осы медаль керек болған қазақ еліне. Баршаңызға рақмет!

Осы жеңістердің арқасында жалпы командалық есепте қазір оныншы орға көтерілдік. Жарыс әлі аяқталған жоқ. Сәйкесінше, алтындар саны арта түсуі мүмкін. Әсіресе бокстан финалға шыққан қазақстандық Карина Ибрагимова мен Қамшыбек Қоңқабаевтан жеңіс күтеміз.