Хабар телеарнасы

XIX Азиада: бесінші алтын қоржында

Велоспортшы Алексей Луценко Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының үш дүркін чемпионы атанды. Бұл — Қазақстан құрамасының бесінші алтыны. Тас жолдағы веложарыста сынға түскен отандасымыз, жекелей жарыста оқ бойы озған. Қытайлық велошабандоз Сюэ Мин мәреге екінші келсе, үшінші орынды Гонконгтық Винсент Ван Лау иеленді.