Хабар телеарнасы

Елордада боччадан инклюзивті турнир өтті

Алғаш рет ұйымдастырылған бұл сайыстың шымылдығын Парламент Сенатының Төрағасы, бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев ашты. Паралимпиадалық ойындардың ішіндегі дүбірлі додаға 10 шақты команда қатысқан.

Айта кетейік, биыл отандық қауымдастық халықаралық бочча федерациясына мүше болды. Бұл спортшыларымыздың Паралимпиадаға қатысуына мүмкіндік берді. 

Мәулен Әшімбаев, Парламент Сенатының Төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының президенті: 
- Жалпы бүгінгі күні бәріміз Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен әділетті Қазақстанды орнатуға өзіміздің үлесімізді қосудамыз. Әділетті Қазақстан дегеніміз ең алдымен инклюзивті Қазақстан. Инклюзивті Қазақстан дегеніміз барлық біздің елдің азаматтарына, біздің қарияларымызға, жастарымызға, бәріне бірдей мүмкіндік беру деген сөз. Бүгінгі іс-шара осындай үлкен мақсатқа жетуге өз үлесін қосады деп сеніп отырмыз.