Хабар телеарнасы

Алматыда Дүниежүзілік ат үстіндегі күрес федерациясы құрылды

«Аударыспақ» спорты біздің елде ғана емес, Орта Азияда, Кавказ өңірінде, тіпті Еуропада да кең тараған. Венгрияда осы көне спорт түрінен жарыстар тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Бүгінде 2 мыңға жуық жас қазақстандық ат үстінде білек күшін сынап, аударыспақпен айналысып жүр. Олардың басым бөлігі — ауыл азаматтары. Мамандар арасында «Аударыспақ» күрестен гөрі ат спортына көбірек қатысты деген пікір бар. Бұл ойын көшпенділерден бастау алған. Белгіленген алаңда екі шабандоз ат үстінде күреседі. Ережеге сәйкес, құламай, ат үстінде қалған шабандоз жеңіске жетеді. Құлаған шабандоз жеңіледі. Жаңадан құрылған ат үстіндегі күрес спорты федерациясына Еуразияның 10 елі кірді. Қауымдастық спорт түрін дамыту, оны Азия ойындарының бағдарламасына, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраларының тізіміне енгізуді басты мақсат тұтып отыр.

Марат Жұман, Қазақстанның «Аударыспақ» федерациясының президенті:
-Методичка ашайын деп жатырмыз. Енді мынау жастарға, әсіресе осы ойын жастарға популизация жасайық деген ойымыз бар. Бүкіл мемлекеттермен отырып, бір ортаға устав жасап, ортақ шешімге келдік.