Хабар телеарнасы

«Tartyl fest» республикалық турнирінің ақтық сайысы Елордада өтеді

Онда облыстық іріктеу кезеңдерінде үздік нәтиже көрсеткен 14 пен 51 жас аралығындағы 170 спортшы бақ сынайды. Гранд-финалдың жүлде қоры — 54 миллион теңге. Жеңімпаздар Қазақстан атынан Әлем чемпионатында өтетін Workout Стрит Уоркаут спорттық бәсекесіне де қатысады.

Еркін Ташипов, Дарындыларды қолдау қорының атқарушы директоры:
-«Tartyl fest» жалпы әлем бойынша, мемлекет деңгейінде өтіп жатқан ең алғашқы спорт түрінің бірі. Ертең Астана қаласында конгресс орталықта «Tartyl fest» рекорды жаңарады деген үмітіміз бар. Біз 1-орынға — 3 млн. тенге, 2-орынға — 2 млн, 3-орынға — 1млн. теңге сыйақымызды беретін боламыз. Кім көп тартылады сол бірінші орынды алады.