Хабар телеарнасы

Қ. Тоқаев шахматтан әлем чемпионы Бибісара Асаубаеваны қабылдады

Спортшы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, алдағы жоспарымен бөлісті. Мемлекет басшысы Бибісара Асаубаеваның әлемдік шахмат аренасында Қазақстанның намысын келешекте де лайықты қорғай беретініне сенімді екенін атап өтті. Президент отандық спортшыларымызды төртжылдықтың басты додасы – Қысқы Олимпиада ойындарында өзі қолдауға барғалы жатқанын айта кетейік.

Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен ақпанның 4-5-і күндері Бейжің қаласында болып, Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысады деп жоспарланған.