Хабар телеарнасы

Президентке шейх Джасим бен Мұхаммед бен Тәнидің қылышының көшірмесі сыйға берілді

Қатар елінде жүрген Қасым-Жомарт Тоқаевқа зор құрмет көрсетіліп жатыр. Бүгін Президентке осы мемлекеттің негізін қалауші шейх Джасим бен Мұхаммед бен Тәнидің қылышының көшірмесі сыйға берілді. Аталған жәдігер – Қатардың ең жоғары мемлекеттік символы. Оны монархтарға, ханзадалар мен мемлекет басшыларына, Қатар еліне және бүкіл адамзаттың дамуына қосқан үлесі үшін және жеке басының қасиетін құрметтегенінің белгісі ретінде Әмірдің өзі табыс ететін дәстүр бар.