Хабар телеарнасы

Декларацияланатын мәліметтердің тізбесі қысқарды

Биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі жүріп жатыр. Енді декларацияланатын мәліметтердің тізбесі қысқарды. Яғни декларация тапсыру кезінде кірістерді, жалақыны көрсетудің қажеті болмайды. Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятовтың айтуынша, Қазақстанда тіркелген мүлікті сатып алу және иеліктен шығару туралы ақпаратты да көрсетудің керегі жоқ. Себебі бұл мәліметтер уәкілетті органдардан алынады.