Хабар телеарнасы

«AMANAT» партиясының төрағасы азаматтарды қабылдады

Ерекше қажеттілігі бар балаларды емдеу мен балабақшаға апару қыруар қаржыны талап етеді. Мәселен, арнайы балабақшадағы айлық тәрбие құны 250 мыңнан басталып, 800 мың теңгеге дейін барады. Мәжіліс спикері, «AMANAT» партиясы төрағасының қабылдауында болған Астана қаласының тұрғыны Мәркен Нұрланова осы мәселені көтерді. Ерлан Қошанов ерекше қажеттілігі бар балаларды жан-жақты қолдау мәселесіне «AMANAT» партиясы әрдайым жіті назар аударатынын айтты. Ал Павлодар облысы, Шілікті ауылының тұрғыны Аманжол Рахымжанов медициналық пункт салып берілсе деген тілегін жеткізді. Ерлан Қошанов қаралған барлық өтініштердің орындалуын қадағалауды жеке бақылауына алды.