Хабар телеарнасы

Башқұртстан басшысы Премьер-министр Әлихан Смайыловпен кездесті

Радий Хабиров өнеркәсіп кооперациясын одан әрі тереңдетуге және сауда қатынастарын дамытуға қызығушылық танытты. Үкімет басшысы Астанада өтіп жатқан бизнес-форум мен ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының отырысы екіжақты байланысқа елеулі серпін беретініне сенім білдірді.