Хабар телеарнасы

Президент 24-25 қаңтар күндері Алматыға барады

Алматы жұртшылығын әбігерге салған зілзала мәселесін Президент назардан тыс қалдырмайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдын ала жоспарланған жұмыс кестесіне сәйкес 24-25 қаңтар күндері Алматыға барады. Президент шаһардағы бірқатар нысандарды аралайды. Соның ішінде қаңтар оқиғасынан кейін күрделі жөндеуден өткізілген ғимаратта қаладағы жағдайға байланысты жиын өткізеді.