Хабар телеарнасы

Мемлекет басшысы Италияға ресми сапармен барды

Қасым-Жомарт Тоқаев осы сәттерде Италия президентімен және премьер-министрімен кездесіп, келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл Мемлекет басшысының биыл шетелге, оның ішінде Италияға жасаған алғашқы ресми сапары.

Апеннин түбегіндегі ел – Қазақстанның әлемдегі ең ірі сауда серіктесінің бірі. Қазақ-итальян сауда және саяси алыс-берісі қалай өрбиді? То

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Италияға ресми сапары басталды. Қазақ басшысын әуелі Италия Президенті өз резиденциясында құрмет қарауылымен салтанатты түрде қарсы алды. Қасым-Жомарт Тоқаев Серджо Маттарелламен екіжақты келіссөздер жүргізіп, алдағы әріптестік жайын талқылады.

Айта кету керек, Италия Қазақстанның әлем бойынша ірі 3 сауда серіктесінің бірі болып табылады және Еуропалық одақ елдері арасында бірінші орында тұрғанын да атап өту керек. Мемлекеттер арасындағы тауар айналымы былтыр 15 млрд доллардан асқан. Оның дені қазақстандық экспорт. Қазақстан негізінен мұнай, бидай, мыс, алюминийді сатады.

Ал түстен кейін Қасым-Жомарт Тоқаевты Италияның Премьер-министрі қарсы алады. Онда шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздер жоспарланған.

Тағы Мемлекет басшысы «Қазақстан-Италия» инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысып, бірқатар ірі компания басшыларымен кездесулер өткізеді деп күтіледі. Яғни елімізге инвестиция тартуың қосар үлесі зор болып отыр.

Іскерлік бағыттан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтардың 19 күні Ватиканда Рим Папасы Францискпен кездеседі. Тағы БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының және Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының штаб-пәтерлеріне де барады деп күтіледі.

Риат Шони, Ерлан Наурызбаев, Бақытбек Нұртаев