Хабар телеарнасы

Саяси келісімдер көбейді

Жаһандағы түрлі оқиғаларға қарамастан Қазақстан әлемдік аренада барлық бағытты тең ұстауға талпынады. Бұл — бүгін елордада жиналған сарапшылардың пікірі. Саясаттанушылар, әлеуметтанушылар мен экономистер жыл қорытындысын талқылады. Алыс-беріс пен жоғары саяси деңгейдегі барыс-келіс саны көп. Мәселен, биыл Қасым-Жомарт Тоқаевтың шығыстағы көршімізге сапарының нәтижесінде 80-ге жуық коммерциялық келісімге қол қойылып, екі ел арасындағы тауар айналымы 39 миллиард долларға жуықтаған. Оның сыртында АҚШ, ЕуроОдақ көшбасшыларымен кездесу бар. Саясаттанушылар Батыс пен Ресей текетіресінен әлемдегі тепе-теңдік теңселген жағдайда Қазақстанға осындай орнықты саясат қажет дейді. 

Асқар Нұрша, ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары:
-Қазақстан экономикалық, саяси тұрғыдан басқа мемлекеттер үшін үлгі болатындай модель ұсынуда. Барлық елдермен достық қарым-қатынасты дұрыс дамытуда. Агрессивті емес, аймақтық қауіпсіздікті, халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға үлкен үлес қосып жатқан ел. Қазақстан әлемдік қауымдастықтың жауапты мүшесі ретінде қабылданады деп айта аламыз.