Хабар телеарнасы

Алматыдағы өрт: Үкіметтік комиссия құрылды

Бүгін Алматыда таңғы 6 шамасында 3 қабатты тұрғын үйде орналасқан хостелде өрт шығып, салдарынан 13 адам қаза тапты. Жалпы үйде 72 адам болған, оның 59-ы шығып үлгерген. Өрттің шығу себептерін тексеру жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды. Оның құрамында мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, сондай-ақ Алматы әкімдігінің өкілдері бар. Комиссия төрағасы Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов оқиға орнында. Үкіметтік комиссия өрт салдарынан болған қайғылы жағдайдың себептерін жан-жақты тексеру жұмыстарына дереу кірісіп, зардап шеккендерге бірінші кезектегі көмек көрсетпек.