Хабар телеарнасы

В. Путин ресми сапармен келеді

9 қараша күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Ресей Президенті Владимир Путин Астанаға ресми сапармен келеді. Екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелерін талқылайды. Бұдан бөлек, президенттер Қостанайда өтетін Қазақстан мен Ресейдің XIX өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнебайланыс режимінде қатысады.