Хабар телеарнасы

Тоқаев Қытайға ресми сапары аясында Үрімжі қаласына барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға ресми сапары аясында Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының орталығы Үрімжі қаласына барды. Президент Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы Қытай Коммунистік партиясының хатшысы Ма Синжуймен кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр. Тараптар аймақтық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқыламақ.