Хабар телеарнасы

Сарапшы: өзекті мәселе көп

Қазан айында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі хатшылығының 21-ші отырысы өтеді. 24 елден 30-ға жуық делегат келеді. Тарихқа көз жүгіртсек. Алғаш рет бұл Съезд елімізде 2003 жылы болды. Себебі 2001 жылы АҚШ-та ең сұмдық террорлық әрекет болып, 3 мың адам қаза тапқан. Мұсылмандарға көзқарас өзгеріп, хақ дінге күйе жағушылар көбейген шақта, Қазақстан батыл қадам жасады. Содан кейін бұл съездің салмақ-абыройы артып, Біріккен Ұлттар Ұйымы, ЮНЕСКО, ИСЕСКО секілді халықаралық ұйымдар қатысуға ықылас танытты. Содан бері үш жылда бір рет ұйымдастырылады. Сарапшының айтуынша, биыл хатшылық отырысында да өзекті тақырыптар көп болмақ.

Ержан Нүкежанов, ҚР Дін істері комитетінің төрағасы:
-Былтырғы Съезде пандемияден кейінгі уақыттағы, пандемия кезіндегі өзекті мәселелер қарастырылған болатын. Ал декларациясында қандай мәселелерге алдағы уақытта көңіл аударады? Оның ішінде, әйел құқықтары да бар, экстремизм, радикализмге қарсы мәселе, тіпті цифровизацияға қатысты мәселелердің барлығы қамтылған. Бұл Қазақстанның өркениетке және діндердің өзара бірлігіне, әлемдік деңгейде өзара түсіністікке, үндестікке бағытталған Қазақстанның саясаты болып табылады.