Хабар телеарнасы

Аудан және облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау күні белгіленді

Елде 5 қарашада аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы өтеді.

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлім етті. Оның сөзінше, 42 аудан мен 3 қала әкімі сайланады. Кандидаттар саяси партиялар арқылы да, өзін-өзі ұсыну арқылы да сайлауға түсе алады. Бірақ өз-өзін ұсынған жағдайд, 350 мың теңге жарна төлеуі тиіс.

Үміткерлерге қойылатын талапқа келсек, 25 жасқа толған, лауазымына сай жоғары білімі мен жұмыс өтілі бар, сотталмаған болуы тиіс. Тіркеу 15 қыркүйекте басталып, 5 қазанда аяқталады.

Шавхат Өтемісов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі: 
- Конституцияға сай, сот іс әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ бас бостандығын айыру орындарында отырған азаматтардың сайлануға қатысу құқығы жоқ. Сондай-ақ заңда белгіленген тәртіппен жемқорлық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі белгіленген адам кандидат бола алмайды.