Хабар телеарнасы

Биыл аудан әкімдерінің сайлауы өтуі мүмкін

Аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы жыл соңына дейін өтуі мүмкін. Нақты шешімді жергілікті мәслихаттар қабылдайды. Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров сайлаудың мерзімі белгіленгеннен кейін аймақтарда тиісті дайындық басталатынын жеткізді. Мемлекет басшысы аймақтағы атқарушы биліктің шешім қабылдау ісіне, азаматтардың тікелей қатысу мүмкіндігін біртіндеп арттыру маңызды екендігін атап өтті. Екі жылдан асты, ауыл, кент және ауылдық округ әкімдерін халық өздері таңдап келеді. Содан бері ауылдық деңгейдегі әкімдердің төрттен үші сайланды. Енді аудан және облыстық деңгейдегі қала әкімдерінің сайлауы өтуі тиіс.

Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы: 
- Негізі осының алдындағы жолдауында да осы мәселені көтерген болатын. Тиісті дайындық жұмыстарын біз Орталық сайлау комиссиясы аумақтық комиссиялармен бірге өткізіп жатырмыз. Негізі біздің бүкіл инфрақұрылымымыз бұл күрделі және жаңа сайлауды өткізуге толық дайын.