Хабар телеарнасы

Мәжіліс депутаттары өңірлерде халықпен кездесу өткізіп жатыр

Сапар барысында Мәжілістің келесі сессиясында қаралатын су, бюджет, салық және қала құрылысы кодекстерінің жобалары бойынша талқылау ұйымдастырылып, ұсыныс жинақталады. Депутаттардың бір тобы Қызылорда облысында болып, ондағы суармалы егіске қажетті су тапшылығын жоюға қатысты мәселелерді талқылады.

Айдарбек Қожаназаров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
-Шаруаларда мәселе бірінші субсидиялау, утильсбор жағы және министрліктің ережелері жайында оларда мәселелер бар. Барлығын жинап, жазып алдық. Барлығы шешілетін мәселе. Біздің қолымыздан келеді деп сенеміз. Одан басқа үлкен мәселе салық жағынан. Ол жағынан да бізде бірқатар бастамалар бар. Осы бастамаарды енгізуді келе жатқан бірнеше айдың ішінде енгіземіз деп ойлаймын.