Хабар телеарнасы

Жалпыға бірдей декларациялау: қағаз түрінде есеп тапсыру мерзімі аяқталады

Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпаратына сәйкес жыл басынан бері 1,5 миллионнан астам жеке тұлға 250-нші формалы «кіріс» декларациясын ұсынған. Биыл есептеудің екінші кезеңі өтіп жатыр. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны бұл жолы мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері және олардың жұбайлары ұсынуы тиіс еді. Енді қағаз түріндегі есептерді өткізіп үлгермегендер 15 қыркүйекке дейін электронды түрде тапсыра алады. Ол үшін мына экранда көрсетілген сайттар мен мобильді қосымшаларды пайдалануға болады.