Хабар телеарнасы

Тоқаев «Онлайн-платфмормалар және онлайн-жарнама» туралы Заңға қол қойды

Тоқаев «Онлайн-платфмормалар және онлайн-жарнама» туралы Заңға қол қойды

Балаларды әлеуметтік желілердегі жалған ақпараттан, бақылаусыз жарнамадан және буллингтен қорғау күшейтіледі.

Мемлекет басшысы «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Осы құжат арқылы онлайн-платформалар мен онлайн-жарнамалардың жұмысын реттеу көзделіп отыр. Заңда онлайн-платформалардың жұмысы және онлайн-жарнамаға қойылатын талаптар белгіленген. Пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері және осы салағы жауапты уәкілетті органның құзыреті де бекітілді. Бұған дейін Парламент депутаттары аталған заң жобасын ТМД елдері арасында алғаш болып талқылаған. Құжатты әзірлеуге Парламенттегі барлық партияның өкілдері атсалысты. Осы іспеттес заң нормалары ЕуроОдақ мемлекеттерінде кеңінен қолданылады.