Хабар телеарнасы

Абай өңіріндегі өртті сөндіруде ерлік көрсеткендер марапатталды

Президенттің жарлығымен Абай облысындағы қызыл жалынды сөндіру кезінде көрсеткен ерлігі, төтенше жағдайда әскери және қызметтік борышын атқарудағы жанқиярлығы үшін бүгінгі күннің батырлары марапатталды. Бірінші, екінші және үшінші дәрежелі «Айбын» орденімен, «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Ерлігі үшін» және «Ерен еңбегі үшін» медалдарымен наградталды.