Хабар телеарнасы

Юрий Ильинге қатысты тексеріс жүргізіледі

Құқық қорғау органдары Төтенше жағдайлар министрлігінің бұрынғы басшысы Юрий Ильинге қатысты тексеріс жүргізеді. Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Үкімет отырысынан кейін тілшілерге берген сұхбатында айтты. Қазір Абай облысында болған төтенше жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Міне соның аясында экс-министрдің әрекеті қаралады. Атап айтқанда ол неге дер кезінде тиісті шара қолданбады? Бұл немқұрайлық емес пе? Осы сұрақтарға жауап беруі тиіс. Ішкі істер министрі сондай-ақ өрттің шығуына қатысты бүгінде әртүрлі нұсқалар зерттеліп жатқанын атап өтті. Оның ішінде найзағай түсу, өрт қою, абайсыздық деген болжамдар бар. Тергеуге екі ай уақыт беріліпті.

Марат Ахметжанов, ҚР Ішкі істер министрі:
-Арнайы прокурорлар өз өндірісіне алды. Оның ішіне біздің қызметкерлер қосылды. Сол жерде жан-жақты мән-жайын қарап сіздерге толық ақпарат береді.