Хабар телеарнасы

ЮНЕСКО басшысы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды

Одре Азуленің Түркістанға сапар шегуі тегін емес. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне, қазақстандық нысандар арасынан бірінші болып енген еді. Мемлекеттік кеңесші, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Ерлан Қарин халықаралық ұйым басшысына кесенені сақтауға қатысты атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндады. Тарихи-мәдени мұраларды сақтауға байланысты қабылдаған шаралар жөнінде мағлұмат берді. ЮНЕСКО-ның Бас директоры Қазақстанға, Астана Халықаралық форумына қатысу үшін арнайы келді.