Хабар телеарнасы

Үкіметте тау-кен металлургия кешені мен газ саласын дамыту шаралары талқыланды

Кен орындарын игеру, өнеркәсіптік кәсіпорындарды отынмен қамту жайы пысықталды. Алдағы жылыту маусымында халыққа көмір жеткізу мәселесі де талқыланды. Мамандар көмір бағасының негізсіз көтерілуін болдырмау үшін былтырғы әдісті ұстанған жөн дейді. Сондай-ақ Үкіметте көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспарының орындалу барысы қаралды. Соңғы 3 жылда жалпы ішкі өнімдегі көлеңкелі экономиканың үлесі 27% 19,75% дейін қысқарып, бюджетке 2 трлн теңге қосымша кіріс түскен. 2 жылда жалған мәмілелер жасасқан 9 мыңға жуық қатысушының қызметі шектелді.