Хабар телеарнасы

Ақордада кадрлық ауыс-түйіс болды

Президенттің жарлығымен Олжас Бектенов Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. Ол бұған дейін атқарған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы лауазымынан босатылды. Роман Скляр Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып қайта тағайындалды. Ал қазірге дейін Президент Әкімшілігіне жетекшілік еткен Мұрат Нұртілеу енді Премьер-Министрдің орынбасары Сыртқы істер министрі міндеттерін атқарады. Сондай-ақ Ғалымжан Қойшыбаев Премьер-Министрдің орынбасары — Үкімет Аппаратының басшысы болып тағайындалды. Серік Жұманғарин Премьер-Министрдің орынбасары — Сауда және интеграция министрі, Алтай Көлгінов Премьер-Министрдің орынбасары, Ерұлан Жамаубаев Үкімет басшысының орынбасары — Қаржы министрі, Руслан Жақсылықов Қорғаныс министрі, Марат Ахметжанов Ішкі істер министрі қызметін әрі қарай жалғастыратын болды.

Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Әмірханов Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары — Сыртқы барлау қызметінің директоры болып тағайындалды.

Сонымен қатар «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына» жаңа басшы тағайындалды. Акционерлік қоғамның басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты ұжымға Үкімет басшысы Әлихан Смайылов таныстырды.