Хабар телеарнасы

Түркияның Анкара, Ыстамбұл, Анталия қалаларында сайлау учаскелері жұмыс істеп тұр

Шамамен 2 мыңдай отандасымыз дипломатиялық өкілдіктерде дауыс беруге құқылы. Зілзаладан соң бұл елде оқитын студенттеріміздің біразы оралған. Десе де, дауыс беріп жатқан қазақстандық студенттер бар. Сондай-ақ, демалу не емделу үшін барған азаматтар да өз таңдауларын жасай алады.

Ал Куала-Лумпурдегі Қазақстан елшілігі ғимаратындағы сайлау учаскесі таңғы жетіден өз жұмысын бастады. 150-дей қазақстандық дауыс беру үшін ресми тіркелген. Олар — Малайзияда жұмыс істейтін қазақстандықтар, кәсіпкерлер мен диаспора өкілдері және білім алып жатқан студенттер. Мұнда дауыс берудің аяқталуына жергілікті уақытпен бір сағаттай уақыт бар.