Хабар телеарнасы

Парламенттің төменгі палатасындағы саяси науқанда 7 партия бақ сынап отыр

Партиялық тізімге келсек, «AMANAT» — 90, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы — 25, Respublica партиясы — 23, Қазақстан Xалық партиясы — 52, «Байтақ» жасылдар партиясы — 18, «Ақ жол» Демократиялық партиясы — 54, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы 19 үміткерді тізімге қосқан. Ал бір мандаттылар бойынша «AMANAT» — 29, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясынан 9, Respublica партиясынан 4, Қазақстан Халық партиясынан 15, «Байтақ» жасылдар партиясынан 4, «Ақ жол» демократиялық партиясынан 24, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан 6 адам сайлауға қатысып отыр.