Хабар телеарнасы

Respublica партиясы үгіт-насихат жұмыстарын Ұлытау облысында аяқтады

Партия өкілдері жергілікті тұрғындармен жүздесіп, өздерінің сайлауалды бағдарламаларын таныстырды. Саяси науқанның маңызын түсіндіріп, жиылған қауымды белсенділік танытуға шақырды. Сондай-ақ партия жетекшілері атқарған жұмыстарының қортындысын жасап, халықтың көп жағдайда қандай мәселелерге жолығатынын талқылады. Атар болсақ тұрғындардың басым бөлігі әлеуметтік жағдай мен жалақы деңгейіне көңілдері толмайтынын айтқан. Маңызды тақырыптар көтерілген басқосуда облыстағы белсенді ақсақалдар да төбе көрсетті. Республикалықтармен ой бөлісіп, пікір алмасты. Айта кетейік, үгіт-насихат жұмыстары басталғалы Respublica партиясының қатарына қосылуға 507 мың қазақстандықтан өтініш түскен.