Хабар телеарнасы

Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммиті өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 16-наурызда Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитіне қатысу үшін Анкараға жұмыс сапарымен барады. Алқалы жиында соңғы кезде өзекті болған мәселелер талқыланбақ. Нақтырақ айтсақ, апат пен төтенше жағдайлар кезінде бір-біріне гуманитарлық көмек көрсету жайы. Яғни төнген қауіппен бірігіп күресу үшін керек іс-қимылдар талқыланбақ.