Хабар телеарнасы

«Ауыл» партиясы СҚО-дағы жұмыс сапарын жалғастырып жатыр

Саяси ұйым өкілдері өңірдегі сайлаушыларымен кездесіп, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Су шаруашылығы жайлы әңгімелесіп, түйткілдерді шешу жолдарын талқылады. Жергілікті жұрт басқа да өзекті мәселелер бойынша сұрақ қойып, оған кандидаттар жауап берді. Бұл «Ауыл» партиясы өкілдерінің алғашқы кездесуі емес. Бұған дейін олар еліміздің оңтүстігі мен шығысын аралап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген болатын. Ал ертең партияның белсенді тобы Қостанай облысына баруды жоспарлап отыр. Ол жақта да саяси ұйымның сайлауалды тұғырнамасы түсіндіріліп, жұртшылықтың сұрақтарына жауап беріледі.