Хабар телеарнасы

ОСК «Байтақ» жасылдар партиясы ұсынған үміткерлер тізімін бекітті

18 азаматтың заң талаптарына сәйкестігі анықталды. Олардың 7-і квоталық тізімге енген. Сондай-ақ «Ауыл халықтық демократиялық патриоттық партиясы» атынан мәжіліс сайлауына ұсынылған азаматтар да тіркелді. Тізімде 25 адам бар. Олардың 40% әйел, жастар және мүгедектігі бар азаматтар. Бұдан бөлек аталған ұйым атынан тағы 9 адам бір мандаттық жүйеде саяси додада бақ сынайды.