ОСК: 25 шетелдік байқаушыны аккредиттеді

Байқаушылар Палестина мемлекеті мен 2 халықаралық ұйымнан тіркелген. Оларға саяси науқанды бақылау үшін Сыртқы істер министрлігі шақырту жіберіпті. Сонымен қатар еліміздегі «Байтақ» және Respublica партиялары барлық облыстық мәслихаттар депутаттарын сайлауға қатысады. Орталық сайлау комиссиясы отырыста осындай шешім қабылдады.

Нұрлан Әбдіров, ҚР ОСК төрағасы:
- Сайлау науқаны аясындағы бірінші отырысымызда 20-шы қаңтарда, Орталық сайлау комиссиясы сайлауды Халықаралық байқау институтын ашқан болатын. Осыған орай бірқатар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан аккредиттеу бойынша ұсыныстар түсіп жатыр. Осы ұсыныстар негізінде Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша аккредеттеу рәсімі жүзеге асырылып жатыр.