Хабар телеарнасы

Ауыр және аса ауыр жемқорлық қылмыс жасағандарға аяушылық болмайды

Заңнамалық өзгерістер жайлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамдың кеңес мүшесі Дидар Смағұлов мәлімдеді. Оның сөзінше, былтыр ұйым 42 қылмыстық істі анықтаған. Сонымен қатар мемлекеттік сатып алу кезінде заңсыз әрекетке барған 183 қызметкер жауапқа тартылды. Айта кетейік, агенттік өткен жылы 271 нысан бойынша автожолдарда рейд жүргізіп, 3 қылмыстық іс қозғалып, 84 жол бөлігі қосымша бюджет қаражатынсыз мердігердің есебінен жөнделген.

Дидар Смағұлов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамдық кеңесінің мүшесі:
- Өткен жылы біз 20 млрд теңгеден астам сомаға 1000-нан астам тәуекелді сатып алуды анықтадық. Шенеуніктер сатып алуды жоғары бағамен жүзеге асыруға тырысқан жағдайлар жиі кездеседі. Энергетика вице-министрінен жол битум Ресей федерациясынан тікелей әкелуге уәде берілді. Бұл бірқатар делдал монополистерді айналып өтуге, сондай-ақ нарықта қолайлы бәсекелестік тудыруға септігін тигізеді.